Қазақстанда ауылдық елді мекендерді интернетпен қамту жұмыстары қарқын алды. Биыл 1,6 мың ауылды байланыс желісіне қосу жоспарланса, қазіргі уақытта олардың 370-і интернетке қосылды.
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Жыл басынан бері ауылдарға 11 819 шақырым байланыс желісі тартылған. Сонымен қатар 20-дан астам қалада 5G желісінің 4 мыңнан аса базалық станциясы орнатылды.
Елде спутник арқылы смартфонға тікелей байланыс беретін Direct-to-Cell технологиясы да іске қосылды. Жоба Beeline және Starlink Mobile компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Оның көмегімен ұялы байланыс жоқ аумақтарда хабарлама жіберіп, интернеттің негізгі қызметтерін пайдалануға болады.
Қазір пойыздар мен туристік нысандарды интернетпен қамту жұмыстары да жүргізілуде. 124 пойыздың 1 500 вагоны интернетке қосылған.
Ал 2027 жылы 40 мың шақырым автомобиль жолын байланыспен қамту жоспарланып отыр. Осы мақсатта 500-ден астам антенна-матчталық құрылым орнатылады.


