Қазақстанда шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру және оған қатысты деректерді түзету кезінде қосымша тексеріс енгізу ұсынылды. Ішкі істер министрлігі әзірлеген өзгерістерге сәйкес, өтініш берушінің ел аумағында заңды негізде жүргені анықталуы тиіс.
Ол үшін азаматтардың мәліметтері бірыңғай иммигранттар базасындағы ақпаратпен салыстырылады. Осы арқылы уәкілетті органдар шетелдіктердің Қазақстанда болу заңдылығын нақтылап, көші-қон талаптарының сақталуын бақылауды көздеп отыр.
Ведомствоның пікірінше, жаңа талап мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ұсынылатын ақпараттың сенімділігін арттырып, көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтауға көмектеседі.
Қазіргі уақытта тиісті түзетулер жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылған. Талқылау 28 қазанға дейін жалғасады.


