Қазақстанда ерекше назар мен қолдауды қажет ететін балаларды ерте анықтауға арналған Balazhan цифрлық платформасы енгізілуде. Жаңа жүйе балалар туралы мәліметтерді бір жерге жинақтап, қажетті көмекті уақытылы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Платформа арқылы мұғалімдер бұрын қағаз құжаттарда және түрлі ақпараттық жүйелерде тіркеп келген деректер біріктіріледі. Бұл баланың жағдайын ертерек байқап, оған қажетті қолдау шараларын жедел анықтауға көмектеседі.
Жаңа жүйе деректерді жинауға қатысты қосымша талаптар енгізбейді. Бала мен отбасы туралы бастапқы ақпарат бір рет енгізіліп, кейін қажет болған жағдайда жаңартылып отырады.
Balazhan платформасы Ұлттық білім беру деректер базасының құрамына кіреді.


