19-22 қазан аралығында Медеу мен Шымбұлақ бағытындағы жолдың бір бөлігіне көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу «Горельник» визит-орталығы маңында енгізіледі.
Бұл аумақта диаметрі 1 және 1,5 метр болатын екі су өткізгіш құбыр орнату жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына Шымбұлаққа көлікпен немесе жаяу баруды жоспарлаған кезде уақытша шектеулерді ескеру ұсынылды.


