Қазақстанның Қорғаныс министрі, генерал-майор Айдос Мырзахметов Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты.
Жиында 2026 жылы әскери саладағы ынтымақтастықты дамыту бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы қаралды. Қатысушылар әскери білім беру, кадр даярлау, жауынгерлік дайындық және өзге де бағыттар бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ 2027 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспары талқыланды.
Кездесуде әскери спортты дамыту мен жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелеріне де басымдық берілді. Отырыс нәтижесінде ТМД елдері арасындағы алдағы әскери ынтымақтастықты айқындайтын бірқатар құжатқа қол қойылды.
Бұдан бөлек, Қазақстанның Қорғаныс министрі әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізіп, әскери байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.


