Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Берлинге ресми сапармен барды.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық канцлер Фридрих Мерцпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылайды.
Келіссөздер барысында Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға және өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге басымдық беріледі.
Сондай-ақ Президент Мюнхен қаласына барып, Германияның жетекші компанияларының, қаржы және ғылыми ұйымдарының басшыларымен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездеседі.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде өтетін бизнес-форумға және Мюнхендегі технологиялық бизнес-форумға қатысады.
Воскресенье, 25 октября


