Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы күміс медаль жеңіп алды. Ол 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қоссайыс қорытындысы бойынша екінші орынға тұрақтады.
Әлем чемпионы Нұрғиса Әділетұлы екі жаттығудың нәтижесінде 394 келі көтерді. Оның көрсеткіші жұлқа көтеруде – 177 келі, серпе көтеруде – 217 келі болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер тізімі:
🥇 Әли Әлипур (Иран) – 398 келі (180+218);
🥈 Нұрғиса Әділетұлы (Қазақстан) – 394 келі;
🥉 Ту И (Қытай) – 384 келі (179+205).
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан екі күміс медаль жеңіп алған болатын. Нұрғиса Әділетұлының жүлдесі ұлттық құраманың қоржынына тағы бір күміс медаль қосты.
Воскресенье, 25 октября


