Жапонияның Айчи префектурасында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин күміс медаль жеңіп алды. Ол 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жұлқа көтеру жаттығуында әлемдік рекордты жаңартты.
Спортшы алғашқы жаттығуда 173 келіні көтеріп, жаңа әлем рекордын орнатты. Ал серпе көтеруде 205 келіні бағындырды. Нәтижесінде қос жаттығудың қорытындысы бойынша 378 келі жинап, екінші орынға тұрақтады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 Кванг Риол Ро (Солтүстік Корея) – 379 келі (165+214);
🥈 Алексей Чуркин (Қазақстан) – 378 келі (173+205);
🥉 Шуннан Чен (Қытай) – 374 келі (163+211).
Айта кетейік, бұл – ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының Азиадада иеленген екінші жүлдесі. Бұған дейін 77 келіге дейінгі салмақта Аянат Жұмағали күміс медаль еншілеген болатын.
Воскресенье, 25 октября


