Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданың Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары шетелдік ақпарат құралдарының назарын аударды. Халықаралық басылымдар бұл сапарды екі ел арасындағы байланысты нығайтып, жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктеріне жол ашатын маңызды оқиға ретінде қарастырып отыр.

Шетелдік БАҚ материалдарында Қазақстан мен Еуропа арасындағы экономикалық әріптестікке ерекше көңіл бөлінген. Атап айтқанда, көлік-логистика бағыттарын дамыту, инвестиция тарту, стратегиялық маңызы бар минералдар саласындағы байланыстарды кеңейту және ғылым мен технология бойынша тәжірибе алмасу мәселелері сөз болған.

Сапар екі елдің өзара қызығушылығын арттырып, сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға, жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді.

Бельгия королі мен патшайымының Қазақстанға сапары шетелдік басылымдарда қалай жазылғаны және халықаралық БАҚ қандай мәселелерге басымдық берген.


