Қазақстан құрамасының өкілдері Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Байрақты бәсеке АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатыр.
Алтын медаль үшін Айбек Айтбеков әзербайжандық Эльмир Алиевпен белдеседі. Ал Юсуф Ашраповтың қарсыласы Армения балуаны Гаспар Тертерян болады.
Енді отандастарымыз финалда жеңіске жетіп, әлем чемпионы атану үшін күш сынасады.


