Мемлекет басшысының Арқалық қаласының әуежайын реконструкциялау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі әуежайға халықаралық IATA кодын беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізді.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 2026 жылғы 12 тамызда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Арқалық әуежайына үш әріптен тұратын ресми AYK кодын берді.
Аталған код әуежайдың бірегей идентификаторы болып табылады және Арқалық әуежайын халықаралық әуе билеттерін брондау және рәсімдеу жүйелеріне, рейстер кестесіне, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да жаһандық ақпараттық жүйелерге интеграциялауға мүмкіндік береді.
IATA кодының берілуі — Арқалық әуежайын дамытудағы және оны халықаралық авиациялық инфрақұрылымға интеграциялаудағы маңызды қадам.


