Алматы қаласындағы Әди Шәріпов көшесінде орналасқан тұрғын үйде өрт шықты.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт ғимараттың кабельдік шахтасынан тұтанған. Оқиғаның күрделілігіне байланысты өрт сөндіру бөлімшелері жоғары шақыру деңгейімен жұмылдырылды.
Құтқарушылар шақырту түскеннен кейін бес минут ішінде оқиға орнына жетті. Газ-түтіннен қорғау қызметінің арнайы буындары ғимараттағы тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып, құтқару жұмыстарын ұйымдастырды.
Өрттің нақты ошағын анықтау үшін мамандар жылу түсіргіштерді пайдаланды. Жедел әрі үйлесімді жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өрт оқшауланды.


