Қазақстандық балуан Айбек Айтбеков АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ол грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Финалдық белдесуде Айбек Айтбеков Әзербайжан өкілі Эльмир Алиевпен кездесіп, 13:4 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық балуан әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленді. Бұған дейін ол жартылай финалда украиналық Евген Поковбаны жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алған еді.


