Қазақстанда автожол саласын реформалау бойынша үкіметтік жұмыс тобы құрылды. Бұл шешім Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қабылданды. Тиісті өкімге Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Жұмыс тобы жол құрылысы жүйесін қайта қарастырып, оның сапасын бағалау тәртібін жетілдірумен айналысады. Сонымен қатар саладағы стандарттар мен құрылыс нормаларын жаңарту көзделген.
Реформаның негізгі мақсаты – жол инфрақұрылымын жақсарту, мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету. Бұл бағытта цифрлық шешімдерді енгізу және саланы басқарудың жаңа тетіктерін әзірлеу де қарастырылған.
Премьер-министр жұмыс тобына биылғы 1 желтоқсанға дейін автожол саласын түбегейлі реформалау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды. Оның ішінде заңнамалық өзгерістер де қамтылады.


