Мерзімді әскери қызметті өткерген азаматтар ҰБТ-сыз азаматтық жоғары оқу орындарына түсе алады.
Әскери қызметтің беделін арттыру және азаматтардың мерзімді әскери қызметке қызығушылығын күшейту мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігі 2023 жылдан бастап ынталандыруға бағытталған кешенді жобаны іске асырып келеді. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес, мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Оның ішінде мемлекеттік білім беру гранттарын алу мүмкіндігі де бар.
Әрбір әскери қызметші үш білім беру бағдарламасы мен үш жоғары оқу орнын таңдай алады. Мемлекеттік білім гранттары жауынгерлік даярлық нәтижелері мен тестілеу қорытындыларының жиынтық бағасы негізінде белгіленген мерзімде автоматты түрде бөлінеді.


