Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы кейінге шегерілді.
Бұған айыпталушы Шерхан Аймаханның денсаулық жағдайына байланысты сотқа қатыса алмауы себеп болды. Судья Саммидин Темиралиев тараптардың толық қатысуынсыз сот отырысын өткізу мүмкін емесекенін айтты.. Сондықтан іс қарау кейінгі күнге ауыстырылды.
Ал Нұрай Серікбайдың ағасы істің 7 айға созылып кеткенін айтуда.
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың 11 қаңтарында кешқұрым 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті арада екі күн өткенде ұсталды.
Оған Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр.
«Adilet.tv»-ақпарат


