Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Рыспеков бұл лауазымнан босатылды. Есет Берікұлы 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Әртүрлі жылдары Қазақстан президенті әкімшілігі хатшылығының сарапшысы, Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары болды.
