Волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионатындағы тарихи қола.
Қытайдың Ханчжоу қаласында 10–17 шілде аралығында волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионаты өтті. Әлемдік додаға ерлер арасында 16 ұлттық құрама қатысты. Қазақстан құрамасы С тобында Бразилия, Хорватия және Ирак командаларымен сынға түсіп, топтық кезеңді екінші орынмен аяқтау арқылы плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын. Нәтижесінде 1/8 финалда отандастарымыз Польша құрамасын 3:0 есебімен айқын жеңсе, ширек финалда Руанда құрамасын да 3:0 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда қазақстандық команда әлемнің ең мықты командаларының бірі – Ираннан 0:3 есебімен жеңілді. Үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде қазақстандық спортшылар Бразилия құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
