Қазақстанда Volkswagen автомобильдері қайта сатыла бастады. Сонымен қатар ел нарығына Volkswagen концернінің дербес бренді – Jetta да шықты. Шымкенттегі ресми дилерлік орталық бұл күндері келушілердің сұранысын толық қамтамасыз етуде.
Неміс брендінің өнімдері сатылымға қайта шыққаннан кейін Шымкентте ресми дилерлік орталық жұмысын бастады. Аталған марканы ұнататындар, сапаны қалайтындар осында келіп көлік түрлерін көзбен көріп, жиынтықты салыстыра алады немесе тест-драйвқа жазылуына да болады. Орталық ашылған күннен-ақ жаңа қала тұрғындары жаңа үлгілерді қарай бастады.
СНХ: ДИАНА ХАМИДУЛЛИНА, КӨЛІК ӘУЕСҚОЙЫ
«Мен қазір отырып көрдім, орындығы өте ыңғайлы екен. Өзі жинақы. Volkswagen маркасының қайта оралғанына өте қуаныштымын».
Бастапқы кезде сатып алушыларға жеті модель ұсынылды. Volkswagen желісіне Bora және Passat седандары, сондай-ақ Tayron және Talagon кроссоверлері кіреді. Сондай-ақ Jetta брендіне жататын VA7 седаны мен VS7 және VS8 кроссоверлері де баршаға қолжетімді. Бұл модельдердің өлшеміне, жабдықталуына қарай бағасы да әртүрлі. Сондықтан мұнда келіп, көлікті өз сұранысыңызға сай таңдай аласыз.
СҰЛТАН КУПАБАЕВ, САТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Автокөлікте 1.4 турбо қозғалтқышы орнатылған. Бұл – уақыт сынағынан өткен, жұрт жақсы көретін Фольксвагеннің сенімді қозғалтқышы. Тиісті күтім жасалса, мұның жүріс ресурсы 300 мың шақырымға дейін жетеді».
Ұсынылған Volkswagen және Jetta көліктері Қытайдағы FAW-Volkswagen бірлескен кәсіпорындарында шығарылады. Автомобильдер неміс концернінің озық технологиясы мен инженерлік шешімі негізінде жиналады. Jetta брендінің барлық үш моделі 1,4 литрлік турбо қозғалтқышпен жабдықталған.
Көлікті қолма-қол ақшаға немесе несиеге алуға болады. Диллерлік орталық он серіктес банкпен жұмыс істейді. Қаржыландыру шарттары жеке дара есептеледі және таңдалған банк шешіміне байланысты. Автосалон күн сайын таңғы 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Мекенжайы: Темірлан тасжолы, 90Б ғимаратында орналасқан. Осында келіп, көлік түрлерімен жіті танысып, мамандар кеңесін алуға болады.

