Бүгін, Ұстаздар күніне орай мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының бірқатар педагогі кәсіби жетістіктері, көп жылғы еңбегі және болашақ мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін ведомстволық наградалармен марапатталды.

Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградалары 25 педагогке табысталды.

Олардың ішінде:
- 5 оқытушы – «Еңбек ардагері» медалімен;
- 4 педагог – Ыбырай Алтынсарин атындағы медальмен;
- 9 педагог – «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен;
- 7 педагог – «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Сонымен қатар 38 педагог Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградаларына ие болды.

Марапаттар ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен білім беру саласын дамытуға қосқан үлесін, мәдениет пен өнер бағытындағы шығармашылық дәстүрді жалғастырудағы еңбегін және жас мамандарды даярлаудағы жауапты қызметін айшықтайды.

Ұстаздар күні – шәкірт тәрбиесіне өмірін арнаған педагогтердің еңбегін бағалап, олардың кәсіби жетістіктерін атап өтетін маңызды мереке. Мәдениет саласында қызмет ететін оқытушылар жас ұрпаққа білім берумен қатар, ұлттық өнер мен мәдени құндылықтарды дәріптеуге де елеулі үлес қосып келеді.


