Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейліктің маңызды тірегі.
Осыған байланысты жаңа Ата заңда ұлттық мәдениетті жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді.
Осы бағытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады.
Жаңа мәртебелі марапаттар ұлттық мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға табысталады. Атап айтқанда, музыка және бейнелеу өнерінің өркендеуіне еңбек сіңірген мәдениет пен өнер қайраткерлері марапатқа ие болады.
Бұл бастама ұлттық өнерді дәріптеп, мәдени мұраны сақтауға және шығармашылық сала өкілдерінің еңбегін лайықты бағалауға бағытталған.


