Шымкент патрульдік полициясының сапында ерекше толығу! Көшелерді бақылауға заманауи темір көмекшілер шықты. Тәртіп сақшылары енді робот-иттердің көмегіне сүйенеді.
Төрт аяқты, бірақ темірден жасалған. Бұл – Ақтемір Шымкент полициясының қатарын толықтырған жаңа темір көмекші. Робот иттерді алғаш болып шымкенттік полицейлер қабылдап алды. Заманауи серіктес арнайы пулт арқылы басқарылады. Департаментте тіпті құрылғыға жауапты маманда бекітілген.
ҚАНАТ ТҰМАРОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПАРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПОЛКЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ
Робот ит қазіргі таңда жасанды интеллектпен қамтылған. Және жедел басқару орталығына тікелей аналитика деген базасымен бет әлпет тану функциясы бар. Алдағы уақытта робот итке тепловизор орнатамыз және қазақстан бойынша робот итте бірінші болып біз қабылдап отырмыз. Бастысы робот ит өзіміздің отандық өнім.
Цифрлық жүйеде жасалған бұл робот қала тұрғындарының да қызығушылығын тудырды. Мегаполис халқы темір сақшылардың пайда болуы қауіпсіздік шараларының күшейтілетініне сенімді.
ШОХБЕК ИРИСМАТ, ДОСТЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЖАНЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕР АЛЯНСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Мен бүгін Қошқар атаға келіп кереметтей робот итті бірінші рет көріп отырмын және өте қуаныштымын. Бұл роботтың функцияларына көңілім толып отыр және осыны жасап шыққан барша полиция ағаларымызға рахмет. Енді осындай дүниелер болса адамды мазаламай роботтың камерасы арқылы іздеуде жүрген адамдарды іздей алады.Бұл еліміз үшін де, полиция бөлімі үшін де өте пайдалы деп ойлаймын.
Заманауи технологиямен қаруланған Шымкент полициясы енді тәулік бойы қала тыныштығын жіті бақылауда ұстайды. Алдағы уақытта мұндай темір көмекшілердің санын тағы да арттыру жоспарланып отыр.
Саят Айдосұлы

