Еліміздің ақпарат кеңістігі жаңа телеарнамен толықты.
Бүгін «Adilet.TV» телеарнасының салтанатты ашылу рәсімі өтіп, тұсауы кесілді. Маңызды шараға зиялы қауым өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері мен БАҚ саласының ардагерлері қатысты. Кеш қонақтары жаңа медиа-жобаның көрерменнің сүйікті ақпарат құралына айналарына сенім білдірді.
Жаңа телеарнаның ашылуына орай Түркістан облысының әкімі арнайы құттықтау тілегін жолдады. Өңір басшысы өз жолдауында «Adilet.TV” арнасының аймақтағы ақпараттық саясатты дамытудағы және халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналудағы рөлі жоғары болатынын атап өтті. Аймақ басшылығының ыстық ықыласы мен қолдауын салтанатты шарада облыстық қоғамдық даму басқармасының басшылығы жеткізді.
«Adilet.TV” телеарнасы заманауи техникамен жабдықталған және көрерменге сапалы өнім ұсынуға ниетті. арна ұжымы мемлекет басшысының әділетті қазақстан құрудағы басым бағыттарын іске асырып, мемлекет мүддесін қорғауды мақсат етеді.


