Рэпер Navai-ға қатысты сот екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Өнер иесіне қатысты тергеу есірткі контрабандасы және есірткі заттарын заңсыз сақтау деректері бойынша екі баппен жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар Қырғызстанда Navai-дың есірткімен «Ақ-Жол» өткізу бекеті арқылы мемлекеттік шекарадан қалай өткені тексерілуде.
Қырғызстанның Шекара қызметі тексеру нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталса, оған қатысы бар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.


