Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігі VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне табысталатын алтын, күміс және қола медальдардың ресми дизайнын таныстырды.
Агенттіктің мәліметінше, медаль дизайнының тұжырымдамасы қырғыз халқының дәстүрлі философиясына негізделген. Әр медальдің орталық бөлігінде Көшпенділер ойындарының ресми логотипі бейнеленген.
Марапаттар екі жақты етіп жасалған. Сонымен қатар медальдармен бірге арнайы тұғыр беріледі. Оның көмегімен спортшылар жүлдені интерьердің естелік элементі ретінде пайдалана алады.


