15 қазанда Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарының жүргізушілеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасалды. Аталған өңірлерде жаңбыр аралас қар және қар жаууы ықтимал.
Республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін. Сондықтан жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райын ескеріп, сақтық шараларын сақтау ұсынылады.
Мамандар қауіпсіз арақашықтықты ұстануға, жылдамдықты жол жағдайына қарай реттеуге және күрт маневр жасаудан аулақ болуға кеңес береді.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін хабарлаған болатын. Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ, шаңды дауыл және секундына 30 метрге дейін, кей жерлерде одан да жоғары жылдамдықпен соғатын желге байланысты дауылды ескерту жарияланды.


