Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстан Республикасының жаңа бір палаталы Құрылтайы депутаттарының алғашқы сайлауында дауыс берді.
Мегаполис әкімі №231 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Бүгін елімізде Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Шымкентте дауыс беру 365 сайлау учаскесінде ұйымдастырылған.
Сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылып, 20:00-ге дейін жұмыс істейді.


