Сауда объектілерінде отандық тауар үшін сөре орындарының кемінде 30% бөлу талабы сақталады.
Жекелеген тауар санаттары бойынша сөрелердегі отандық өнімнің үлесі 80 %-ға жетеді. Отандық өнімдері бар сөрелер «Қазақстанда жасалған» арнайы белгілерімен белгіленген. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді.
Тікелей өткізу арналарын дамыту мақсатында, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жәрмеңкелері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Жыл басынан бері 183 жәрмеңке өткізілді. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушыларға тікелей сатуға мүмкіндік беріп, тұрғындарды қолжетімді бағамен, сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге ықпал етуде.


