Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Жыл басынан бері Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн курстарды аяқтағаны туралы сертификатты 89,8 мың азамат алды.

Платформа іске қосылғаннан бері онда 1,3 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген, оның 129,3 мыңы биыл қосылды. Осы уақытқа дейін берілген сертификаттардың жалпы саны 1 млн 280 мыңға жетті.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында оқуды аяқтағандардың басым бөлігін әйелдер құрады – 50 455 адам (56,2%). Ал ерлердің үлесі – 39 354 адам (43,8%). Ең белсенді жас санаты – 36-50 жас аралығындағы азаматтар, олардың саны 31 435 адамға жетті. Өңірлер бөлінісінде Қызылорда облысы (8 549 адам), Түркістан облысы (7 751 адам), Алматы облысы (7 207 адам), Алматы қаласы (7 107 адам), Шымкент қаласы (6 298 адам) және Жамбыл облысы (5 879 адам) көш бастап тұр.

Платформада халықтың әлеуметтік осал топтарын оқытуға ерекше көңіл бөлінуде. Оқуды аяқтағандардың 34,2 мыңы – жұмыссыз азаматтар. Олардың ішінде 16-34 жас аралығындағы 8,5 мың жастар бар.

Бүгінде Платформада түрлі бағыт бойынша 624 оқу курсы орналастырылған, оның 433-і – тегін. Оқу ұзақтығы 2 сағаттан 80 сағатқа дейін созылады. Пайдаланушылар Платформаның өз курстарымен қатар Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің білім беру бағдарламаларын меңгеріп, қажет болған жағдайда олардың платформаларында оқуын жалғастыра алады.

Ең көп сұранысқа ие курстар қатарында «Кассир» (10 974 сертификат), «Курс по финансовой грамотности» (4 124 сертификат), «Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения лиц с трудностями в передвижении» (2 591 сертификат) және «Введение в социальную работу» (1 654 сертификат) бар.

Инклюзивті білім беруді дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі – есту қабілеті бұзылған азаматтарға арналған «Тігін ісінің негіздері: ымдау тілінде жасанды интеллектпен дыбыстау» («Основы шитья с использованием языка жестов и искусственного интеллекта») курсының іске қосылуы болды. Бүгінгі таңда курсқа 259 адам тіркеліп, оның 126-сы оқуын сәтті аяқтап, сертификат алды.

Сонымен қатар Платформада виртуалды шындық (VR) технологияларын енгізу жұмыстары жалғасуда. Бұл технологиялар тыңдаушыларға еңбек қауіпсіздігі бойынша практикалық дағдыларды қауіпсіз әрі интерактивті ортада меңгеруге, өндірістегі ықтимал тәуекелдерді бағалауға және түрлі жұмыс жағдайларында әрекет ету алгоритмдерін пысықтауға мүмкіндік береді.

VR технологияларын пайдалана отырып азаматтарды оқыту жөніндегі пилоттық жоба аясында Астана және Шымкент қалаларының Еңбек мобильділігі орталықтарына жүгінген азаматтар «Еңбекті қорғау» курсы бойынша практикалық сабақтардан өтті. Нәтижесінде 138 адам оқуын сәтті аяқтап, тиісті сертификаттарға ие болды.

Share.
Exit mobile version