Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Күн ыстықта табиғат аясына шығатындар көбейген сайын кене шағу жағдайы да жиілей түсті.

Биыл қалада маусымдық қатердің алдын алу жұмыстары әдеттегіден ерте басталды. Дегенмен, жыл басынан 733 тұрғын кене шақты деп дәрігерге жүгініпті. 4701 кене зертханаға жіберілді.

Ағымдағы жылы осы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының зертханалық расталған 7 жағдайы тіркелді. Өткен жылы 2 жағдай тіркелген. Аурушаңдық 5 жағдайға өсіп отыр. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер жоқ. Барлығы ересектер,-дейді Шымкент ұаласының санитарлыық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Марат Байырбеков.  

Абырой болғанда, қауіпті жәндіктен инфекция жұқтырғандар дер кезінде ем алып сауығып  шыққан. Осы ретте, ақ халаттылар денеге жабысқан кенені өз бетінше жұлып алуға болмайтынын ескертеді. Ең дұрысы, шұғыл түрде жақын маңдағы медициналық мекемеге бару керек.

 Адамды кене шаққан жағдайда өзін жайсыз сезінеді, дене қызуы көтеріліп денеде түсініксіз бөртпелер пайда болады. Әлсіздік, бас ауруы соның барлығы байқалады. Дене қақсайды. Осы белгілер байқалса бірден дәрігердің көмегіне жүгінген жөн. Енді инфекция Конго Қырым қанды қызбасы вирус осыны таратады — кенелер. Иксод және гамас кенелері Шымкент қаласында кеңінен тараған. Оңтүстік өңірлерінде өте көп кездеседі. Сондықтанда осы кенелерден сақ болған жөн. Кенені жұлып алып тастауға болмайды. Киінгенде жаз айы ғой демалыс аймағына барғанда әппақ киінген жақсы. Содан бірден көрінеді. Ол кезде кененің шағуының алдын алады,-дейді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эпидемиологы Гүлмира Сейсенқызы. 

Биыл көктемнің ерте келуі кенелердің белсендігін арттырған. Сондықтан да шағымдар наурыз айының басында-ақ тіркеле бастады, дейді дәрігерлер. Кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жалғаса береді. Ал қауіпсіздік шараларын сақтау әр адамның міндеті.

Қарлығаш Байгөбек

 

Share.
Exit mobile version