Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы төрт айында 1926 егіз және 54 үшем тіркелген. Ұлттық статистика бюросының деректері осындай!
Есепті кезеңде төртемдер тіркелмеген. Егіздердің саны бойынша Түркістан облысы абсолютті көшбасшы болды — 263 жағдай. Екінші орында Алматы қаласы (245), үшінші орында – Алматы облысы (175) тұр. Үшемдер бойынша бірінші орынды Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы өз ара бөліп алды. Аталған әр өңірде үш үшем, тиісінше тоғыз жаңа туған сәбиді құрайды.


