Жәния Бекмұхамбетова WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
Байрақты бәсеке Өзбекстанның Ташкент қаласында өтті. Қазақстандық спортшы үстел теннисінен 13 жасқа дейінгі (U13) санатта алтын медаль жеңіп алды. Финалда Жәния Үндістан өкілі Шреошри Чакрабортиді 3:1 есебімен ұтты.
