Қазақстан нарығына қытайлық жаңа автобрендтер енуде.
Мемлекет басшысының Қытайға жасаған мемлекеттік сапары аясында автомобиль жасау саласында бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, Li Auto, OMODA және JAECOO маркалы автомобильдер өндірісін ұйымдастыру, SITRAK маркалы жүргізушісіз магистральдық тартқыштар шығару, сондай-ақ BYD компаниясымен бірлесіп жоғары жылдамдықты зарядтау стансаларының желісін дамыту көзделіп отыр.
Осы ретте елімізде жаңа өндіріс орындары пайдалануға берді. Мәселен, өткен жылы KIA Qazaqstan және Astana Motors Manufacturing Kazakhstan атты екі ірі автомобиль зауыты пайдалануға берілді. Олардың құрылысына салынған инвестициялардың жалпы көлемі 346 млрд теңгеден асты. Кәсіпорындар заманауи жабдықтармен жарақтандырылған және өндіріс үдерістері жоғары деңгейде автоматтандырылған. Қазіргі уақытта мұнда 135 өнеркәсіптік робот жұмыс істейді. Саланың өндірістік әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында 2028 жылға дейін жеңіл және коммерциялық автокөліктер өндірісін кеңейтуге бағытталған жаңа жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.
