Жаңа Конституцияда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұған дейінгі президенттік мерзімі есепке алынбайды. Бұл туралы бүгін, 7 шілдеде Конституциялық сот айтты.
«Президенттің өтінішін қарау қорытындысы бойынша Конституциялық сот ресми түсіндіру берді: конституциялық нормаларда аталған лауазымдарды 1995 жылғы Конституцияға сәйкес атқарып жүрген адамдар 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті қызметке сайлануы не лауазымға тағайындалуы мүмкін деп түсіну керек», — делінген құжатта.
Еске салайық, 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енді. Конституциялық сот бұған дейін 1995 жылғы Негізгі заңның күшін жойғанын, ал жаңа конституциялық модель адам құқықтарының кепілдіктерін кеңейтуді, мемлекеттік институттар жүйесін жаңартуды және мемлекеттік құрылымның жаңа қағидаттарын енгізуді көздейтінін хабарлаған еді.
Енді Қазақстанда Конституция күні ресми түрде 15 наурызда атап өтіледі.
