Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Түркістан қаласында алғаш рет ауыр атлетикадан жеке жаттығулар бойынша 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы ҚР жекелей және командалық чемпионаты өтуде.
Бүгін аталған жарыстың ресми ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті, бас хатшысы Мадина Астамирова, ауыр атлетикадан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Асқар Кадиров және Түркістан облысы ауыр атлетика федерациямының президенті Алмасхан Жамбаев қатысты.
– Сіздерге әділ бәсеке, биік рух және жаңа рекордтар мен жарқын жеңістер тілеймін!
Түркістан төрінде бақ сынаған әрбір жас таланттың бағы жанып, әлемдік деңгейдегі олимп шыңдарын бағындыра берсін! – деген деген Ертай Алтаев спортшыларға сәттілік тілеп, ауыр атлетика спортының маңызына тоқталып өтті.
Жалпы, аталған жарысқа еліміздің 13 өңірінен спортшылар қатысуда. 4 шілдеден басталған бәсекеге Түркістан облысынан 9 жігіт және 4 қыз қатысып жатыр.
Бүгінгі таңда Түркістан құрама командасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде бар. 11 шілдеге дейін созылатын жарысқа жалпы Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының спортшылары қатысып жатыр.
Share.
Exit mobile version