Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Қазақстан халықаралық әуе қатынастарының географиясын кеңейтуді жалғастыруда.

Осы орайда FlyArystan әуе компаниясы Қытай мен Қырғызстан бағыттары бойынша жаңа тұрақты рейстерді іске қосты. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, халықаралық бағыттар санын арттыру және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылғы 26 маусымнан бастап FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Үрімші бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастады. Ұшақтар аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Airbus A320 әуе кемелерімен қатынайды.

Share.
Exit mobile version