Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Ұлттық валютаның атауы өзгереді.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының ресми құжаттарының орыс тіліндегі нұсқасында ұлттық валютаның атауы «тенге» емес, «теңге» болып жазылады. Өзгеріс жаңа Салық кодексіне енгізілген терминологиялық түзетулер аясында жүзеге асырылады.

Бұл норма тек құжаттардағы жазылу үлгісіне қатысты. Ақша реформасы, деноминация, банкноттар мен монеталарды ауыстыру қарастырылмаған. Өзгеріс азаматтардың қаражатына, банк операцияларына және қаржы жүйесінің жұмысына әсер етпейді.

Share.
Exit mobile version