Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Әлеуметтік желіде сәбиін қолына алып, курьер болып жүрген келіншектің видеосы тараған болатын. Бұл видео халық арасында дау тудырды. Еңбек министрлігіне шүйліккендер де аз болған жоқ. Қалай дегенмен де,  келіншектің отбасы Алматыдан көшіп кетіпті.  Бұл туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев хабарлады.

«Осы видео шыққаннан кейін Алматы қаласының әлеуметтік қорғау басқармасы мамандары отбасына мемлекеттен қандай да бір көмек керек пе деген үсыныспен бардық.  Жұмысқа орналастыру шаралары ұсынылды. Отбасы көмектен өз бетінше бас тартты, содан кейін олар Алматыдан көшіп кетті. Қазір олар бұрынғыдай ата-аналарымен бірге Шымкентте тұрып жатыр»,-деді вице-министрі Ербол Тұяқбаев.

Журналистер вице-министрден курьер келіншектің туыстарының табысы мен несиелері туралы ақпаратты тарату қаншалықты заңды екенін сұрады.

Тұяқбаев несие туралы айтудың заңға қайшы емес екенін айтты.

«Дербес деректер айтылмады. Біз кімде, қанша несие бар екенін айтпадық.  Тек күйеуінің несиесі бар дедік»,-деп толықтырды вице-министр.

Share.
Exit mobile version