Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде мерзімді қызмет кезінде алған жарақатынан кейін үш жылға жуық ауыр жағдайда болған Ербаян Мұхтардың қайтыс болғаны туралы айтылды.
Қорғаныс Вице-министрі Қаныш Әбубәкіров бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеумен құқық қорғау органдары, оның ішінде ІІМ және әскери прокуратура айналысуда. Оның айтуынша, тергеу барысында кінәлілер анықталып, Ұлттық ұлан қолбасшылығына қатысты тәртіптік шаралар қабылданады.
Айта кетейік, Ербаян Мұхтарды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі ертең Астанада өтеді.
Қонақасы бүгін 25 маусымда сағат 19:00-де Астанадағы «Гаухартас» банкет залында өтеді.
Жаназа: 26 маусымда сағат 10:00-де Шейх Күнта қажы мешітінде өтеді.
Еске алу асы сағат 11:00-де «Бастау» банкет залында басталады.
Ербаянның туыстары мәйітті медициналық сараптамадан өткізуден бас тартқанын және армияда орын алған оқиғаны тергеуге ниеті жоқ екенін айтты.
