Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

1 алтын, 1 күміс. Бұл Түркістандық боксшы қыздардың Азия чемпионатында қанжығасына байлаған медальдары.  
Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.  Қыздар U19 және U23 жас санаттары бойынша қолғап түйістірді.  
Әйелдер арасындағы бәсекеде 75 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Шұғыла Нәлібай барлық қарсыласынан басым түсіп, Азия чемпионы атанып, алтын медальді жеңіп алды.
Ал 57 келі салмақта сынға түскен Ұлжан Сәрсенбек финалға дейін сүрінбей жетіп, жарысты күміс медальмен аяқтады.
Бүгін, 16 шілдеде ерлер арасында финалдық кезең ұйымдастырылады.

 

Share.
Exit mobile version