Ішкі нарықтағы бағаны белгілеу бойынша отандық бизнес субъектілерімен меморандумдар жасалды.
Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
«Ет саласында сиыр етінің босату бағасы бір килограмм үшін 3 275 теңге деңгейінде белгіленді. Күнбағыс майы бойынша бағаның шекті деңгейі бір литр үшін 780 теңгеге дейін, жұмыртқа бір данасы үшін 55 теңгеден аспайтын мөлшерде белгіленді», – деді спикер.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қызанақ бағасын тұрақтандыру үшін өнеркәсіптік және фермерлік жылыжай шаруашылықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу пысықталуда, сондай-ақ ірі тұз өндірушімен келісім жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.


