“Ақсу” сауықтыру лагерьінде 6 маусым болады. Әр лекке 190-200 бала қабылданады.
Лагерь бағдарламасы әр жылы өзгеріп отырады. Кейде тіпті әр лек сайын ауысып тұрады. Қазір балаларға арналған Aksu Show деген жаңа іс-шарасы қосылуда. Ол жерде балалардың тума талантын көпшілікке паш етіледі.
Одан кейін мұнда «Гиннес рекордтар кітабы» деген бағдарлама бар. Ол жерде лагерьдегі “ең ұзын шашты қыз”, “ең бойы ұзын жігіт” деген сияқты өзіміздің гиннес рекордтар кітабы жасалады. Сондай-ақ балалар күніне 2 мезгіл бассейнге түседі. Кино көрсетіледі. Оған арнайы ойынға арналған ақша болады, балаларға ол теңдей таратылып береді, мақсаты оны көбейту.
Әдетте лагерьдің 2-3 күні спорттық іс-шаралар өткізіледі.
Тілге тиек етейік, оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл демалыс іс-шараларымен 3,2 млн баланы қамту жоспарланып отыр.
Бұл – елдегі оқушылардың жалпы санының 86,2%-ы. Жазғы кезеңде балалардың демалысы жыл бойы жұмыс істейтін 20 орталықта, 179 маусымдық орталықта, сондай-ақ мектептер мен мектептен тыс ұйымдар жанындағы 10 894 орталықта ұйымдастырылады.
Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі білім беру-сауықтыру орталықтарын лицензиялау тәртібін жаңартты.
Лицензиялар меншік нысанына қарамастан, ұйымдарға «Электрондық үкімет» порталы арқылы 5 жыл мерзімге берілетін болады.


