Петропавл қаласының 71 жастағы тұрғыны Айдарбек Бегенов каратэден қара белбеу иегері атанды.
Ол бұл спорт түріне зейнетке шыққаннан кейін қызығушылық танытып, жаңа белесті бағындыруды мақсат етті. Жасына қарамастан, аптасына үш рет тұрақты түрде жаттығып, салауатты өмір салтын ұстанып келеді Ұзақ жылғы табанды еңбегі мен қажырлы дайындығының нәтижесінде Айдарбек Бегенов каратэдегі ең жоғары дәрежелердің бірі – қара белбеуге қол жеткізді. Бұл жетістік – кез келген жаста жаңа істі бастап, табандылық танытса, үлкен нәтижеге жетуге болатынының жарқын дәлелі.
