Мемлекеттік награданы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.
Үш дүркін әлем чемпионы атанған шахматшы жуырда Norway Chess супер турнирінде де жеңіске жеткен болатын. Айта кетейік, «Барыс» ордені мемлекеттілікті нығайтуға, қоғамдық және мәдени салаға қосқан ерекше еңбегі, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытуға сіңірген үлесі үшін беріледі. Гроссмейстер мемлекеттік награданы әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетіп, қуанышымен бөлісті.
