Құрметті ұстаздар мен білім саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның бойына адамгершілік, жауапкершілік, еңбекқорлық пен елге деген сүйіспеншілік қасиеттерін сіңіретін ардақты маман. Әрбір шәкірттің жетістігінің артында ұстаздың еңбегі, білімі мен үлкен жүрегі тұр.
Сіздердің жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріңіз – ел болашағына қосылған өлшеусіз үлес. Қоғамның дамуы мен мемлекеттің кемел келешегі білімді әрі тәрбиелі ұрпаққа байланысты болса, сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздардың орны ерекше.
Осы айтулы күні барша ұстаздарға қажырлы еңбегі, шәкірттерге берген білімі мен тәлімі үшін алғыс білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Шәкірттеріңіздің жетістігі мен алғысы әрдайым еңбектеріңіздің жемісі болсын. Ұстаздық жолдарыңыз абырой мен құрметке, қуаныш пен толағай жетістіктерге толы болғай!


