Бейжің қаласында өткен NAIZA Diamond Fight Night халықаралық турнирінде Атырау облысы полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Елдар Отаралы 61 келі салмақта өнер көрсетіп, жеңіске жетті.
Жекпе-жекте атыраулық спортшы қарсыласына айқын басымдық танытып, кездесуді бірінші раундтың небәрі 13-секундында нокаутпен аяқтады. Осылайша Елдар Отаралы халықаралық аренада шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, ел намысын абыроймен қорғады.


