Испаниядағы классикада «Астананың» қос жеңісі
XDS Astana Team командасының велошабандозы Томас Сильва Испаниядағы кезекті жеңісіне қол жеткізіп, біркүндік «Кастилия және Леон классикасы» жарысында топ жарды. Ал оның командаласы Кристиан Скарони мәреге үшінші болып келді.
Ұзындығы 190,6 шақырымды құраған жарыс бағыты Бенавентеден Лубианаға дейін созылды. Соңғы өрлеу бөлігінде XDS Astana Team шабандоздары Кристиан Скарони мен Томас Сильва кезек-кезек шабуыл жасап, қарсыластарын қапы қалдырды.


