Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық дәстүрлеріне ерекше назар аударып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясына барған мәртебелі меймандар ондағы асыл тұқымды жылқыларды тамашалады.
Сапар барысында корольдік жұпқа сәйгүліктердің шығу тарихы, тұқымдық ерекшеліктері және оларды күтіп-баптау тәртібі туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар қонақтарға қазақ халқының ұлттық ат ойындарының үлгілері таныстырылды.
Бұл кездесу бельгиялық меймандарға қазақ халқының жылқы мәдениетімен және ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүрлерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.


