Бүгін елімізде Құрылтай сайлауында дауыс беру басталды.
Шымкент қаласындағы сайлау учаскелерінде азаматтар өз таңдауын жасауға кірісті.
Сайлау үдерісіне жастар да белсенді қатысуда. «Жастар Рухы» жастар қанатының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бекзат Төлебай сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Бұған дейін де түрлі сайлау мен қоғамдық-саяси үдерістерге қатысып жүрген Бекзат Төлебай бұл жолы Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымын білдірді.
«Еліміздің жарқын болашағы үшін, Әділетті Қазақстан үшін өз таңдауымды жасадым», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Құрылтай сайлауы – азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуына, өз ұстанымын білдіруіне мүмкіндік беретін маңызды үдеріс. Жастардың сайлауға белсенді қатысуы олардың ел болашағына деген жауапкершілігін және азаматтық белсенділігін көрсетеді.


