Ол бағдарламаның іске асырылуы Мемлекет басшысының жеке бақылауында екенін еске салды.
Өңірлерде ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, қажетті нормативтік-құқықтық база қабылданды және қаржыландыру тетіктері айқындалды.
Қойылған мақсаттарға уақытылы қол жеткізу үшін инфрақұрылымды жаңғырту қарқынын сақтап қана қоймай, оны күшейту тапсырылды. Ұлттық экономика министрлігіне жобаға бөлінген инвестициялардың тиімді игерілуін қамтамасыз ету жүктелді.


